05062019 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
С.Ерғалиев атындағы орта мектептің «Айгөлек» денсаулық жақсарту алаңы оқушыларымен өткізілген іс-шара туралы ақпарат.
05.06.2019жыл.
Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының , «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Отаным – тағдырым» негізгі жобасы аясында      5-маусым  күні «Достық» мәдени-танымдық орталығының оқу залында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның  ұйымдастыруымен     4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз!» тақырыбында  іс-шара өтті.
Мақсаты:  1. Оқушылардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.                                                                                                               2.  Оқушының есте сақтау қабілетін  дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталдандыру.                                                                                                                     3.  Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің  Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Мерекелік іс – шара «Достық» мәдени – танымдық  орталығының оқу залында өтті. Іс-шараға «Айгөлек» денсаулық жақсарту алаңы оқушылары қатысты. Оқу залында «Рәміздерім – мақтанышым!» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды,  зал дәйек сөздер мен шарлармен безендірілді.
Іс-шара барысында балаларға Мемлекеттік рәміздер, олардың авторлары, шығу тарихы туралы түсінік берілді. Балаларға еліміздің символдары, мемлекеттік рәміздерді қастерлеп – құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз екені туралы айтылып, олардың маңызы түсіндірілді. «Бір ел-бір тағдыр» көрмесі таныстырылды.  Балаларға рәміздер жайлы сұрақтар қойылып, балалар өз ойларымен бөлісті.
Балалармен қызықты да көңілді ойындар ойналды.
Кешке Сапар Ерғалиев атындағы  орта мектептің Денсаулық жақсарту алаңы оқушылары мен тәрбиешілері қатысты.
Қатысқандар саны: 18 оқушы, 3 тәрбиеші.
Өткізілген іс-шара туралы мәліметтер мен суреттерді  «Одноклассники» сайтындағы парақшадан таба аласыздар.


Назад к содержимому | Назад к главному меню