06052019 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
7-мамыр «Отан қорғаушылар» күні,
9-мамыр «Жеңіс күні» күні мерекелеріне  арналып  өткізілген  іс - шара туралы мәлімет. 06.05.2019ж.
Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының , «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Отаным – тағдырым» негізгі жобасы аясында      6-мамыр  күні «Достық» мәдени-танымдық орталығының оқу залында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның  ұйымдастыруымен "Ұранды ердің – ұрпағы қайсар" және «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» тақырыптарында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелеріне орай тарихи-патриоттық-әдеби іс-шара өтті.
Мақсаты: Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Мерекелік іс – шара «Достық» мәдени – танымдық  орталығының оқу залында өтті. Оқу залында «Біздің батырлар», «Жаса, Жеңіс мәңгілік!» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды,  зал дәйек сөздер мен шарлармен безендірілді.
Іс-шара барысында балаларға Отан қорғаушылар күнінің тарихы, Қазақстан әскері туралы мәліметтер берілді. Тәуелсіздік жылдарындағы Қорғаныс министрлері таныстырылды. Жігіттер туралы қызықты деректер мен өлеңдер оқылып, «Ал, қане жігіттер» ұранымен қол күрестіру сайысы өтті.
Сонымен бірге, Ұлы Отан соғысы, оның тарихы, сұрапыл соғыстың кесірінен ойран болған қалалар, соғыс жылдары ерекше ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлар туралы сөз қозғалды.
Кешке Сапар Ерғалиев атындағы  орта мектептің 7-8 сынып оқушылары мен мектептің әлеуметтік педагогі Карбозова Гүлшат Қалтайқызы  қатысты.
Қатысқандар саны: 16 оқушы, 1 мұғалім.
Өткізілген іс-шара туралы мәліметтер мен суреттерді  «Одноклассники» сайтындағы парақшадан таба аласыздар.



Назад к содержимому | Назад к главному меню