06112019 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ "Районная централизованная библиотечная система" отдела культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина

Перейти к контенту
Библиотечные новости > Мероприятия
Ауыл  еңбекшілерінің даңқы арта берсін!
6 қараша күні аудан орталығында ауыл шаруашылығы қызметкері күні кең ауқымда аталып өтті.  Аудандық кітапхана қызметкерлері де осы іс-шараға өз үлестерін қосты.  Елубай Өмірзақов атындағы  Мәдениет үйінде «Ауыл еңбеккерлерінің даңқы арта берсін!» деген атаумен үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі орналасты.
1        – «Даму мен өркендеу жолында» атты бөлімі Президент Қ. Тоқаевтың халыққа Жолдауынан басталады және де мемлекет тарапынан ауылшаруашылығына берілетін көмек, «Ауыл – ел бесігі» жобасы, «Сыбаға» бағдарламалары туралы ақпарат орын алды.
2        – «Біздің дала астығымен даңқты» атты бөлім Тыңның 65 жылдығына арналды. Елеулі еңбектерінің арқасында есімдері әйгілі К. Дөненбаева, В. Сидорова, С. Ерғалиев сияқты азаматтар туралы әдебиет, және ауданның ЖШС, ШҚ туралы ақпарат кеңінен жайылды.
3        - «Ауыл шаруашылығына көмек әдебиет»  бөлімінде мал шаруашылығы, егін алқабы,  жер өңдеу туралы әдебиет орналасты. Қатысушыларды «Кәмшат» атты кітап қызықтырды. Бұл басылымды белгілі механизатор К. Дөненбаеваның балалары жарыққа шығарған. Барлық фотосуреттер  отбасылық жеке архивтен алынған, және кітап 500 дана болып жарық көрген.  Сондай-ақ,  ауданымызда қызмет атқарған, биыл торқалы 85 жасқа толып отырған  В.В. Сидорованың өмірбаяны жазылған кітап сұраныста болды.
Көрмені тамашалап танысқан қонақтар көп болды.  Барлығы шамамен 135 адам. Көрмеде болған  барлық әдебиет аудандық орталық кітапхананың қорында бар, толығымен танысам деушілерге есігіміз ашық!


Слава сельскому труду!
   6 ноября в районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова широко отметили профессиональный праздник - День работника сельского хозяйства. В фойе Дома культуры работниками центральной районной библиотеки была организована тематическая выставка «Ауыл еңбеккерлерінің даңқы арта берсін! – Слава сельскому труду!», которая состояла из трех разделов.
1 раздел «Даму мен өркендеу жолында – На пути роста и развития», где были помещены официальные документы: Послание Президента, государственные льготные программы «Сыбаға», проект «» Ауыл – ел бесігі».
2 раздел «Біздің дала астығымен даңқты – Хлебом поднята наша степь», был посвящен 65 -летию освоения целинных и залежных земель. В этом разделе можно было ознакомиться с автобиографическими изданиями Героев соц труда Камшат Доненбаевой, Верой Сидоровой, обладателя ордена Ленина Сапара Ергалиева, также были материалы о других целинниках, внесших большой вклад в развитие экономики страны.
3        раздел  «Ауыл шаруашылығына көмек әдебиет – Сельскохозяйственный путеводитель». Здесь были размещены  справочные издания в помощь сельхозпроизводителям: об орашаемости земель, о животноводстве, о развитии растениеводства, новинки сельхоз техники и т.д.
Выставкой ознакомились примерно 135 человек. Многих гостей интересовали книга «Камшат», выпущенная детьми К. Доненбаевой в память о матери и автобиографическое издание Веры Васильевны Сидоровой, которая в этом году отмечает 85-летний юбилей. Все материалы, которые были на выставке взяты с фонда центральной районной библиотеки.
Желающих ближе ознакомиться литературой  ждем в стенах библиотеки.
Назад к содержимому | Назад к главному меню