10092018 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > Мероприятия
Шаңырағым – шаттығым.

2018 жылдың 10 қыркүйегінде Таран аудандық орталық кітапхананың оқу залында Отбасы күніне арналған  « Отбасыммен бақыттымын! » атты танымдық -тәрбиелік кездесу өтті.
  Кездесудің басты кейіпкерлері  - ауданымызға белгілі өнегелі Калимовтар отбасы.  Отағасы – Калимов Талғат Чапайұлы, жұбайы – Калимова Жанна Жұмабайқызы. Екеуі де ауданның дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер, кітапханамыздың белсенді оқырмандары.  «Қариясы  бар үй – асыл қазына» деп дана халық айтқандай, бұл отбасының  «Алтын қазынасы» - Зоя әжеміз. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, адамның бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Жоғарыда айтылған тәрбиелік мәні бар қасиеттерді Калимовтар отбасынан көруге болады.
Туған үйдің жылуына бөленіп өскен үш бала – Дархан, Гүлден, Дәурен. Отбасында алған тәлім тәрбиенің арқасында биік жетістіктерге жетіп, білімдерін жетілдіруде.
Іс-шараға қатысушыларға отбасылық құндылықтар туралы көптеген әңгімелер айтылып,  осы тақырып бойынша әдебиетке шолу жасалды.
Кездесудің соңында Калимовтар отбасына  береке, бірлік тілей  сыйлық тапсырылып, қатысушылар естелік суретке түсті.



Всё начинается с семьи.
1 марта 2013 года Президент страны Н.Назарбаев подписал Указ о внесении изменений и дополнений в Перечень профессиональных и иных праздников в РК. Этим Указом в стране был учрежден новый праздник - День семьи, и определена дата его празднования – второе воскресенье сентября. С целями воспитания и развития чувства любви и уважения к родителям, гордости за свою семью; формирования представления о семье, как о людях, которые любят друг друга, заботятся друг о друге и пропаганды чтения, в стенах нашей библиотеки был проведен час семейных традиций на тему «Отбасым – бақытым» («Счастье мое- семья»). Ведущими рассказано об истории возникновения Дня семьи. Далее были представлены присутствующей аудитории « гости студии», наши земляки, тарановцы – семья Калимовых.Эта семья была приглашена нами для диалоговой площадки. Калимовых можно смело назвать одной из образцовых семей нашего райцентра.Было интересно слушать о том, на чём основывается их семейное счастье, взаимопонимание между членами семьи и привитие  хорошего воспитания  детям.Также мы узнали об их семейных традициях. В начале вечера диалог проходил между ведущими и семьёй Калимовых, к которому в дальнейшем плавно присоединились и желающие из аудитории. На экране демонстрировались семейные фотографии, запечатлевшие те или иные события в их жизни. По ходу всего мероприятия негромко звучали казахские песни. Далее библиотекарем был проведен обзор книжной выставки  « Бәрі отбасынан басталады » ( « Всё начинается с семьи»). В заключение мероприятия семья Калимовых была награждена памятным подарком. Мероприятие проходило на гос. и рус. языках. Присут.20 чел.

Назад к содержимому | Назад к главному меню