10122019 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ "Районная централизованная библиотечная система" отдела культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина

Перейти к контенту
Библиотечные новости > Мероприятия
С.Ерғалиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларымен өткізілген іс-шара туралы ақпарат.
10.12.2019жыл.
10 желтоқсан күні С.Ерғалиев орта мектебінің қабырғасында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның ұйымдастыруымен С.Ерғалиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларымен бірге қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80-жыл толуына орай «Поэзия падишасы - Фариза»тақырыбында әдеби іс - шара өткізілді.
Іс – шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Тәрбие және білім", "Кітап - білім бұлағы" кіші бағдарламасы аясында өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанның Халық  жазушысы Ф. Оңғарсынованың  шығармашылығымен таныстыру. Поэзияға , Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақ барысында балаларға ақынның өмір жолы, отбасы, шығармашылығы туралы презентация, бейнебаяндар көрсетілді. Балалар ақын өлеңдері мен ақынға арналған қазақтың ақын-жазушыларының өлеңдерін оқыды. Фариза шығармашылығы туралы балалар өз ойларымен бөлісті.
Қатысқандар саны: 15 оқушы, 1 мұғалім.
Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды Балалар абонементінің «Одноклассники» (dostik2009) және «Инстаграмм» (kptdostik2009) желілеріндегі жеке парақшаларынан көре аласыздар.

Назад к содержимому | Назад к главному меню