11012018 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген іс - шара туралы мәлімет. 11.01.2018ж.
 
 
№1 орта мектеп қабырғасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Кітап-білім бұлағы» негізгі жобасы аясында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның  ұйымдастыруымен "Балалардың сүйікті жазушысы" тақырыбында іс-шара өтті. Іс – шара балалар жазушысы, ақын, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының туғанына – 80 жыл толуына орай өткізілді.
 
Мақсаты: Балаларды жазушының өмір жолымен, шығармашылығымен, кітаптарымен таныстыру. Жазушының өлеңдері мен әңгімелерін, аудармаларымен таныстыра отырып оқушыларды кітап оқуға баулу.     
Іс - шараға №1 орта мектептің 3-сынып оқушылары қатысты. Балаларға жазушы, ақын, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының өмір жолы таныстырылды.  Жазушының  қызмет жолы, жазған кітаптары таныстырылып,  өлеңдері мен әңгімелерінен  үзінділер оқылды.                   Сонымен қатар балалар  «Бала тілімен сөйлеген жазушы» көрмесіндегі жазушының балаларға арналған  кітаптарын тамашалады.
 
Іс – шара соңында «Сергіту сәті» ұйымдастырылды.
 
 
Қатысқандар саны: 22 оқушы





Назад к содержимому | Назад к главному меню