11122017 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ "Районная централизованная библиотечная система" отдела культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина
11.12.2017ж. №1 орта мектеп қабырғасында "Рухани жаңғыру", «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік болашағы - жастар" тақырыбында іс-шара өтті.
Іс – шараның мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға тәрбиелеу, туған жер, туған өлке туралы түсінік беру.
Іс - шараға №1 орта мектептің 1-сынып оқушылары қатысты. Отан дегеніміз - әр адамның туып өскен жері , туған- туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекені. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан. Қазақстан- Тәуелсіз Республика. Осындай әсерлі сөздермен басталған іс - шарада балаларға Тәуелсіздік тарихы, Елбасы, Астана, мемлекеттік рәміздер, Ата заң, төл теңгеміз туралы мәліметтер берілді.
Балалар сұрақтарға белсене жауап беріп, көрікті қаламыз Астана туралы өз ойларымен бөлісті.
- Елбасымыз кім және Елбасы болу үшін не істеу керек?
- Астана қандай қала?
- Тәуелсіз ел дегенді қалай түсінесің? – сұрақтарына бала тілдерімен қызықты да белсенді жауап берді.
Қатысқандар саны: 15 оқушы
Өткізілген іс-шара туралы мәліметті Одноклассники сайтында оқи аласыздар