12032018 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > Мероприятия
Талантты балаларды «Сөз құдіреті» байқауы біріктірді.
12 наурызда «Достық» мәдени – танымдық орталығының оқу залында облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,  Астананың 20 жылдығы және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылды. Сонымен бірге байқауға таңдалатын туынды Қазақстандық жазушылардың (жасөспірімдер үшін жазылған туындылары немесе балалар мен жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шығармаларымен шектелді.
Байқауға 12-13 жас (шарт бойынша) аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттарының бірі балалардың актерлік шеберлігін шыңдау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады.
Байқауға жалпы 12 оқушы қатысып, балалар Әлібек Асқаров, Серік Асылбеков, Аделия Амраева, Тұрсынбек Әлиұлы, Нұрсұлу Шаймерденованың шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Балалардың өнерін Мәдениет бөлімінің бас маманы Г.Мұрзабаева, Тілдерді оқыту орталығының директоры А. Ершиева және аудандық «Ұшқын» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Зыбалева сынды қазылар алқасы  бағалады. Балалардың өнерін бағалау оңайға түскен жоқ, дегенмен сайыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те бар. Қазылар алқасының шешімімен балаларға 3 орын мен 3 номинация берілді.
«Айрықша таңдау» номинациясымен Николаевская негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы – Бирюков Данил, «Үздік бейне» номинациясымен Валерьяновка негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы – Никкель Яна, «Әртістік шеберлік» номинациясымен Тобыл орта мектебінің 6-сынып оқушысы – Қуаныш Назира марапатталды. Ал, марапатты орындар төмендегідей болды:
3-орынды Б.Майлин атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы – Забайдуллина Анастасия егеленсе, 2-орын Приозерной орта мектебінің 6-сынып оқушысы – Қаппас Жансұлуға бұйырды. Ал, 1-орынды және облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына жолдама Май орта мектебінің 7-сынып оқушысы – Стоногина Дарья иемденді. Қалған оқушылар байқауға қатысқаны үшін Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара шәй дастарханымен аяқталды.
      
 
       


  Конкурс «Живое слово» объединил талантливых детей.
12 марта в читальном зале КПЦ «Достық» абонемента детской литературы Тарановской центральной районной библиотеки состоялся районный этап областного конкурса чтецов «Сөз құдіреті. Живое слово».
Он прошел в рамках программы « Рухани жаңғыру» и приурочен к празднованию 20-летия празднования Астаны и ко Всемирному Дню книги и авторского права. В конкурсе участвовали ребята 12-13 лет(таковы условия). Одной из целей конкурса было выявление и поддержка артистически одаренных детей, предоставление им возможности проявить свои таланты, поэтому было принято решение об участии ребят из сельских округов. Выбор произведений для участия в конкурсе  был ограничен современной (впервые опубликованной за последние 25 лет) художественной литературой казахстанских писателей.
Среди авторов выбранных конкурсантами Аскаров Алибек, Асылбеков Серик, Бахытжан Канапьянов, Амраева Аделия, Шаймерденова Нурсулу и др.
Всего в конкурсе участвовало 12 ребят. Порядковые номера участников определила жеребьевка.
Жюри в составе гл.специалиста отдела культуры Г.Мурзабаевой, директора центра языков А. Ершиевой , художественного руководителя районного дома культуры  А.Зыбалевой предстояло сделать нелегкий выбор, ведь победитель должен представить наш район на областном конкурсе.  Ребята, принимавшие участие в районном этапе конкурса с ответственностью отнеслись к своим выступлениям, за что нужно поблагодарить учителей-филологов и сельских библиотекарей, принимавших активное участие в подготовке ребят.
Было присуждено 3 места и 3 номинации.
В номинации «Оригинальный выбор» приз был присужден Бирюкову Даниилу – Николаевская ОШ, 5 кл.
Приз зрительских симпатий получила Никкель Яна – Валерьяновская ОШ, 7 кл.
В номинации « Артистизм» приз был вручен Куаныш Назире – Тобольская СШ, 6 кл.
Призовые места распределились следующим образом:
3 место заняла учащаяся 5б класса Тарановской СШ им. Б. Майлина Забайдулина Анастасия.
2 место было присуждено  Каппас Жансулу – ученице 6 класса Приозерной СШ.
1 место и путевку на областной конкурс чтецов «Сөз құдіреті.Живое слово» получила Стоногина Дарья – ученица 7 класса Майской СШ.
За участие в конкурсе ребятам были вручены памятные подарки , грамоты и благодарственные письма.
Мероприятие завершилось за дружеским чаепитием в библиотеке.
Назад к содержимому | Назад к главному меню