12062019 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
С.Ерғалиев атындағы орта мектептің «Айгөлек» денсаулық  жақсарту алаңы оқушыларымен өткізілген іс-шара туралы ақпарат.
12.06.2019жыл.
12-маусым күні «Достық» мәдени-танымдық орталығының оқу залында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның  ұйымдастыруымен    «Алтын қамба – алтын уақыт!» тақырыбында  ойын – сабағы  өткізілді.
Мақсаты:  Оқушылардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа, тез ойлап тез жауап беруге үйрету, кітап оқыту арқылы сауаттылықтарын дамыту.
Іс – шара «Достық» мәдени – танымдық  орталығының оқу залында өтіп, оған Сапар Ерғалиев атындағы орта мектептің  «Айгөлек» денсаулық жақсарту алаңы оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында балалармен түрлі тақырыптағы ойындар ойналды. «Мен кіммін?», «Алтын қамба», «Жартысын сыз» ойындары балаларға өте қызықты болды.  
«Алтын қамба» ойыны арқылы балалар елімізге, ауданымызға байланысты оқу бағдарламасы бойынша жазылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынап көрді.
Іс-шара соңында балаларға тәттілер таратылып,  естелік суретке түсумен аяқталды.
Қатысқандар саны: 21 оқушы, 3 тәрбиеші.
Өткізілген іс-шара туралы мәліметтер мен суреттерді  «Одноклассники» сайтындағы  dostik2009 парақшаcынан  таба аласыздар.

Назад к содержимому | Назад к главному меню