12122019 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ "Районная централизованная библиотечная система" отдела культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина

Перейти к контенту
Библиотечные новости > Мероприятия
Сапар Ерғалиев атындағы орта мектептің 7-9 сынып оқушыларымен өткізілген  іс – шара туралы ақпарат.
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным»
          12 желтоқсан  күні С.Ерғалиев орта мектебінің қабырғасында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның ұйымдастыруымен С.Ерғалиев атындағы орта мектептің 7-9-сынып оқушыларымен бірге «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты патриоттық сабақ өткізілді.
         Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік тарихы туралы мәлімет беру. Қазақстанның өткені, бүгіні мен ертеңі туралы ой қозғау. Балаларды елжандылыққа, өз Отанын сүюге, патриоттық жауапкершілікті сезіне білуге баулу.
Көрнекілігі: Тәуелсіздік туралы презентация, бейнебаян.
Патриоттық сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен басталды. Балаларға «Тәуелсіздікке жол» атты бейнебаян көрсетілді. Сабақ барысында кітапханашы Қазақстанның Тәуелсіздік тарихымен таныстырды. Егемендік үшін Жоңғарлармен күрес, Қазақ хандығының құрылуы, Ұлт азаттық күрес, сонау жылдары елді жайлаған ашаршылық, Алашорданың құрылуы, Желтоқсан көтерілісі туралы қысқаша мәліметтер берілді.
16-желтоқсан Тәуелсіздік күнінің тойлануы, мемлекеттік рәміздер туралы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлттық валюта, мемлекеттік мерекелер туралы түсініктеп беріліп, «Қызықты сұрақтар» атты ойын ойналды.
Қатысқандар саны: 13 оқушы,  1 мұғалім.
                                         
  Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды Балалар абонементінің «Одноклассники» (dostik2009) және «Инстаграмм» (kptdostik2009) желілеріндегі жеке парақшаларынан көре аласыздар.


Назад к содержимому | Назад к главному меню