15032019 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ "Районная централизованная библиотечная система" отдела культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина

Перейти к контенту
Библиотечные новости > Мероприятия
      Аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті
15 наурызда «Достық» мәдени – танымдық орталығының оқу залында облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылды. Байқау тақырыбы: «Балдаурен балалық шақ». Сонымен бірге байқауға таңдалатын туынды Қазақстандық жазушылардың (жасөспірімдер үшін жазылған туындылары немесе балалар мен жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шығармаларымен шектелді.
Байқауға 12-13 жас (шарт бойынша) аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттарының бірі жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды дәріптеу, актерлік шеберлігін шыңдау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады.
Байқауға қатысуға жалпы 13 оқушы өтінім беріп, оның 11-і қатысты. Байқауда балалар Толымбек Абдрайым, Серік Асылбеков, Аделия Амраева, Темірболат Ахметов, Тынымбай Нұрмағамбетов, Лилия Калаус, Алия Баянды, Альмерек Мираның  шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Балалардың өнерін Аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы А.Асанова, Тілдерді оқыту орталығының  директоры А. Есенғазы және «Таран аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ директоры Г.Асанова сынды қазылар алқасы  бағалады. Балалардың өнерін бағалау оңайға түскен жоқ, дегенмен сайыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те бар. Қазылар алқасының шешімімен балаларға 3 орын мен 4 номинация берілді.
«Айрықша таңдау» номинациясымен Асенкритовка орта мектебінің 6-сынып оқушысы – Рудов Виктор, «Үздік бейне» номинациясымен Тобыл орта мектебінің 6а-сынып оқушысы – Прокопенко Владислав, «Әртістік шеберлік» номинациясымен №116 Тобыл орта мектебінің 7-сынып оқушысы – Баймухамбетова Дильнара, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Валерьяновка негізгі мектебінің 7б-сынып оқушысы -  Мухтарова Лаура марапатталды.
Ал, орындар төмендегідей болды:
3-орынды Тобыл  орта мектебінің 7а-сынып оқушысы – Юсупова Аяна егеленсе, 2-орын Валерьян негізгі мектебінің 8б-сынып оқушысы – Никкель Янаға бұйырды. Ал, 1-орынды және облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына жолдаманы Тобыл орта мектебінің 6а-сынып оқушысы – Прокопенко Владислав иемденді. Қалған оқушылар байқауға қатысқаны үшін Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.


«Сөз құдіреті. Живое слово»
15 марта в читальном зале КПЦ «Достық» абонемента детской литературы Тарановской центральной районной библиотеки состоялся районный этап областного конкурса чтецов «Сөз құдіреті. Живое слово».
Он прошел в рамках программы « Рухани жаңғыру» и был приурочен к Всемирному Дню книги и авторского права. В конкурсе участвовали ребята 12-13 лет,(таковы условия). Одной из целей конкурса было выявление и поддержка артистически одаренных детей, предоставление им возможности проявить свои таланты. Выбор произведений для участия в конкурсе  был ограничен художественными произведениями казахстанских писателей и выходцев из Казахстана.
Среди авторов выбранных конкурсантами были Асылбеков Серик, Амраева Аделия, Лиля Калаус, Толымбек Абдраим и др.
Всего в конкурсе участвовало 13 ребят. Порядковые номера участников определила жеребьевка.
Жюри в составе гл.специалиста отдела культуры А. Асановой, директора центра обучения языкам А. Есенгазы  и руководителя Тарановской централизованной библиотечной системы Г.Асановой, предстояло сделать нелегкий выбор, ведь победитель должен представить наш район на областном конкурсе.  Ребята, принимавшие участие в районном этапе конкурса с ответственностью отнеслись к своим выступлениям, за что нужно поблагодарить учителей-филологов, принимавших активное участие в подготовке ребят.
Было присуждено 3 места и 4 номинации.
В номинации «Оригинальный выбор» приз был присужден ученику  6 класса Асенкритовской СШ – Рудову Виктору.
В номинации «Лучший образ» приз был присужден Прокопенко Владиславу -ученику 6а класса Тобольской СШ.
Приз зрительских симпатий получила Мухтарова Лаура– Валерьяновская ОШ, 7б кл.
В номинации « Артистизм» приз был вручен Баймухамбетовой Дильнаре – Тобольская СШ №116, 7 кл.
Призовые места распределились следующим образом:
3 место заняла учащаяся 7а класса Тобольской СШ Юсупова Аяна.
2 место было присуждено  Никкель Яне – ученице 8б класса Валерьяновской ОШ.
1 место и путевку на областной конкурс чтецов «Сөз құдіреті.Живое слово» получил Прокопенко Владислав -ученик 6а класса Тобольской СШ.
За участие в конкурсе ребятам были вручены грамоты и памятные призы.
Назад к содержимому | Назад к главному меню