16102018 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > Мероприятия
Мемлекеттің рухани тірегі
     2018 жылдың 16 қазанында Таран аудандық орталық кітапханасының оқу залында Рухани келісім күніне арналған толеранттық сағаты өтті.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Шамғынұлы, Б. Майлин атындағы орта мектептің директоры Әлия Байқанова, С. Ерғалиев атындағы орта мектептің дінтану пәнінің мұғалімі Рәзия Жақсылықовалар болды.
      Қатысушылар ретінде жоғарғы сынып оқушылары, ардагерлер, ішкі саясат бөлімінің, жастар орталығының мамандары болды.
Арнайы  сөйлеген қонақтардың  пікірлері бір ауыздан шығып жатты. Ең басты мемлекетіміздің құндылықтары – адам, бейбітшілік, береке, түсіністік, кешірімділік. Жас өскелең ұрпақтың саналарына осы керемет ұғымдарды қондыру мақсатында жиналған жиында бейне материалдар көрсетілді.
   10-11 қазан күндері Астана қаласында өткен VI діни құрылымдар съезі туралы ақпарат берілді.
    Ардагерлер, Совет Одағы кезіндегі атеизмге оқытқан кездерді естеріне алып, қазіргі еліміздегі оң өзгерістерді құптайтындарын айтып отырды.
Рухани бай адам ешқандай жамандық, қатыгездік жасамайтыны туралы айтылып, жастарға білімдерін кеңейтіп, рухани құндылықтарға бет бұруға шақырды.
Іс-шара соңында кітапхана басшысы Г. Асанова оқырмандарға «Рухани келісім – татулық тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
 
Духовная опора государства
           16 октября 2018 года в читальном зале Тарановской ЦРБ прошел час толерантности, посвященный Дню духовного согласия.
На мероприятие были приглашены главный имам мечети «Әйет» Ислам Шамгынович, директор средней школы имени Б. Майлина Алия Байканова, учитель религиоведения средней школы имени С.Ергалиева Разия Жаксылыкова.
       В зале собрались активные читатели библиотеки – ветераны, учащиеся старших классов, специалисты отдела внутренней политики и специалисты молодежного ресурсного центра.
     Выступавшие гости рассказывали с гордостью о нашей стране, где в мире и согласии проживают представители разных народностей с многообразием культур и религий. Старшее поколение вспоминали годы Советской власти, где был атеизм, и выражали признательность за сегодняшнюю счастливую мирную жизнь.
      Ведущая мероприятия Г. Асанова дала информацию о проведении 10-11 октября  в г. Астана  VI съезда лидеров мировых и традиционных религий, делая ссылку на республиканскую газету «Казахстанская правда».
       Присутствующим старшеклассникам были интересны значения слов «толерантность», «духовность», «терпимость». Духовно богатый человек никогда не будет жестоким, совершать преступления, делать плохие поступки. Поэтому целью мероприятия и было пробудить у молодежи чувство ответственности за страну, за близких, пополнять багаж знаний, быть толерантными и уважать интересы других.
 В завершении мероприятия был проведен обзор книжной выставки «Духовное единство – основа согласия».
Назад к содержимому | Назад к главному меню