17032018 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
Наурыз мерекесіне арналып  өткізілген  іс - шара туралы мәлімет. 17.03.2018ж.

17 наурыз күні «Достық» мәдени-танымдық орталығының оқу залында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның ұйымдастыруымен "Наурыз – думан, наурыз - той" тақырыбында іс-шара өтті.                                     Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрлерін таныстыру,  көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық ойындар мен тағамдар туралы түсінік беру. Наурыз мейрамының ерекшелігі мен әр елдердегі тойлану дәстүрлері туралы ақпарат беру.
Мерекелік іс – шара «Достық» мәдени – танымдық  орталығының оқу залында өтті. Оқу залында «Наурыз – жыл басы» атты кітаптар көрмесі мен «Қазақтың ұлттық өнер туындылары» атты қолдан тігіліп жасалған бұйымдардан көрме  ұйымдастырылды,  зал дәйек сөздер мен шарлармен безендірілді.
Кешке Сапар Ерғалиев атындағы  орта мектептің 6 – 7 сынып оқушылары қатысты.
Мерекелік шара музыка сүйемелдеуімен құттықтау сөздермен  басталды. Наурыз тарихы түсіндіріліп, ұлттық тағамдар, Наурыз көже оның жасалу тарихы туралы айтып өтілді. Балалар ұлттық дәстүрлермен танысты. Ұлттық дәстүр бойынша сұрақтар беріліп, мақал – мәтелдер жарысы өткізілді. Ұлттық ойындар олардың ойналу тәртібі туралы түсіндірілді.
Кеш соңында мерекелік дастархан жайылып, балалар дәмнен ауыз тиді.

Қатысқандар саны: 10 оқушы

Өткізілген іс-шара туралы мәліметтер мен суреттерді  «Одноклассники» сайтындағы парақшадан таба аласыздар.

Назад к содержимому | Назад к главному меню