19062019 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
С.Ерғалиев атындағы орта мектептің «Айгөлек» денсаулық жақсарту алаңы оқушыларымен өткізілген іс-шара туралы ақпарат.
19.06.2019жыл.
«Достық» мәдени – танымдық орталығының оқу залында  "Рухани жаңғыру" бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы, «Ақпарат толқыны» негізгі жобасы аясында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның ұйымдастыруымен: Президент жарлығынан үзінділер оқу. Балаларды жаңа латын әліпбиімен таныстыру. Оларға латын әліпбиіне кезеңбе-кезең өту жолдарын түсіндіру мақсатында "Латын әліпбиі  – менің болашағым!" тақырыбында іс-шара өтті.                                                                   Іс – шараға Сапар Ерғалиев атындағы  орта мектептің «Айгөлек» денсаулық жақсарту алаңы оқушылары қатысты. Оларға 2017 жыл 12-сәуірде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған  «біртіндеп латын әліпбиіне көшу» жұмыстарының міндеттері туралы үзінділер оқылды.
2017 жылдың 11-қыркүйек күні ҚР Парламен мәжілісінде қазақ әліпбиінің 25 таңба, 8 диаграфтан тұратын жаңа нұсқасы ұсынылды. Кейін ол нұсқа қабылданбай, соңынан 32 әріптен тұратын жаңа әліпби пайда болғаны туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, оларға жаңа латын әліпбиі таныстырылды.
Балалар қағаз беттеріне өз есімдерін жаңа әліпбимен жазып көрді.
Сергіту сәтінде балаларға мультфильм кейіпкерлерінің суреттері беріліп, балалар сол кейіпкерлерді қатыстырып ертегі оқыды.
Соңынан «Тышқан мен мысық» ойыны ойнатылды.
Қатысқандар саны: 11 оқушы, 3 тәрбиеші
Өткізілген іс-шара туралы мәліметтер мен суреттерді  «Одноклассники» сайтындағы парақшадан таба аласыздар.


Назад к содержимому | Назад к главному меню