26022021_1 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ "Районная централизованная библиотечная система" отдела культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина

Перейти к контенту
Библиотечные новости > Мероприятия
Жүректен шыққан Алғыстар!
26 ақпан күні  Тобыл ауылдық кітапханасында 1 Наурыз – Алғыс күніне орай «Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, бақ қонған - қазақ еліне мың Алғыс!» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді насихаттау, азаматтарда толеранттылық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімдерін ояту, сонымен қатар - Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.
Іс-шара барысында кітапханашылар Абылқалыкова Алмагүл Балғабайқызы мен Ізтілеу Жаңагүл Аманжолқызы қонақтарға Алғыс айту күнінің дәстүрі мен тарихын айтты. Олар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің белгіленген Жарлығы туралы әңгімеледі. Іс-шарада Тобыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Жаворонков сөз алып «... тәуелсіз даму жолына түскен мемлекетіміздің өмірінде Қазақстан ең көп ұлтты мемлекет. Бұл мереке, Алғыс айту күні, біздің көпұлтты, бейбітшілікті сүйетін Республикамызды мекендейтін халқымызды біріктіреді.» деді. Сонымен қатар шақырылған қонақтар алғыс сөздерін білдірді: зейнеткер оқырман, терапевт дәрігер Дүйсекенов Жайылған Балденұлы, мемлекеттік қызметкер Деткова Елена Александровна, зейнеткер Ковальчук Наталья Яковлевна, жерлесіміз, ақын Ізтілеу Мамай Тұрысбекұлы «Арнау» құттықтау әнін домбырамен орындады. Қорытындылай келе, кітапханашылар іс-шара қонақтарын Алғыс айту күніне арналған «Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, бақ қонған – қазақ еліне мың Алғыс!» атты мерекелік кітап көрмесімен таныстырды.
Іс-шара материалдары әлеуметтік парақтарда көпшілікке қол жетімді.

Благодарность исходит от души!
26 февраля ко Дню благодарности в Тобольской сельской библиотеке прошло массовое мероприятие - круглый стол «Ыңтымағы жарасқан, бірлігі бекем, бақ қоңған – қазақ еліне мың Алғыс!».
Цель мероприятия: укрепление единства народа Казахстана, пропаганда общественного согласия, воспитание у граждан чувства толерантности, дружелюбия и уважения друг друга, а также – укрепление межэтнического согласия в Казахстане.
В ходе мероприятия библиотекари Абылкалыкова Алмагуль Балгабаевна и Изтилеу Жанагуль Аманжолкызы рассказали гостям традицию и  историю праздника Дня благодарности, а также рассказали об установленном указе Первого Президента Казахстана. В мероприятии приняли участие гости: Председатель совета ветеранов поселка Тобол  Жаворонков Александр Григорьевич – пенсионер сказал «...В жизни нашего государства который встал на самостоятельный путь развития, Казахстан это самая многонациональное государство. Этот праздник День благодарности должен как больше сплачивать наш народ, который населяет нашу многонациональную, миролюбивую Республику».
Также свои слова благодарности выразили приглашенные гости: пенсионер читатель, врач терапевт Дуйсекенов Жайылган Балденович; главный специалист ГУ – аппарат акима поселка Тобол Деткова Елена Александровна; пенсионер Ковальчук Наталья Яковлевна.
Наш земляк, поэт, акын Изтилеу Мамай Турысбекулы исполнил музыкальный номер на домбре поздравительную песню «Арнау».
В заключении библиотекари ознакомили гостей мероприятия мероприятия с праздничной книжной выставкой посвященной к Дню благодарности «Ынтымағы жарасқан бірлігі бекем, бақ қоңған – қазақ еліне мың алғыс!». Материалы  мероприятия выставлены в открытый доступ на страницах в соц. сетях.
Назад к содержимому | Назад к главному меню