27022020 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ "Районная централизованная библиотечная система" отдела культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25-жыл толуына орай» өткізілген  іс - шара туралы мәлімет. 27.02.2020ж.
Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының , «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Отаным – тағдырым» негізгі жобасы аясында      27 ақпан күні Сапар Ерғалиев атындағы орта мектеп кітапханасының оқу залында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның  ұйымдастыруымен "Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі" тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Ассамблея тарихымен таныстыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Кешке Сапар Ерғалиев атындағы  орта мектептің 5-6 сынып оқушылары мен мектептің кітапханашысы Ақпанбетова А.Қ. қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Жиырма бес жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.
Балаларға мереке тарихы мен Алғыс айту күні тарихы таныстырылып, Қазақстандағы ұлт өкілдерінің татулығы мен бірлігі туралы сөз қозғалды. Бірлік, татулық туралы тақпақтар оқыды.
Қатысқандар саны: 14 оқушы, мектеп кітапханашысы.
Өткізілген іс-шара туралы мәліметтер мен суреттерді  «Одноклассники»  сайтындағы «КПЦ Достык» және Инстаграмм сайтындағы kptsdostyk2009 парақшасынан таба аласыздар.


Назад к содержимому | Назад к главному меню