28022020 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ "Районная централизованная библиотечная система" отдела культуры и развития языков акимата района Беимбета Майлина

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным-тағдырым» негізгі  жобасы аясында өткізілген іс-шара туралы ақпарат.
«Алғысым шексіз сізге...»
                 
Алғыс айту сағаты. (Час благодарности)
Іс-шара 28.02.2020 ж. Сапар Ерғалиев атындағы орта мектепте өтті.
Мақсаты: Балаларға мерекенің тарихы туралы түсінік беру.
- рахмет пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы, дәйек сөздер, шарлар мен гүлдер.
Кештің барысы:  Кешке Сапар Ерғалиев атындағы  орта мектептің                          3 – сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ғалымжанова Б.Б. қатысты. Шаттық шеңбері аясында «Амандасу» тренингі өткізілді.
         Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
         Сонымен бірге балаларға мерекенің шығу тарихы туралы айтылып,
- Алғыс айту не үшін қажет?
- Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?  
- Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?
- Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?- деген тақырыптар талқыланып,  балалар өз ойларымен бөлісті.
«Алғысым сізге...» сөзі жазылған жүрекшелерге балалар өз жақындарына, ата-анасы мен достарына, ұстаздарына деген ізгі тілектерін жазып, тілектерін «Шаттық шеңбері» аясында дауыстап оқыды
Қатысқандар саны: 17 оқушы, сынып жетекші.
Өткізілген іс-шара туралы мәліметтер мен суреттерді  «Одноклассники»  сайтындағы «КПЦ Достык» және Инстаграмм сайтындағы kptsdostyk2009 парақшасынан таба аласыздар.


Назад к содержимому | Назад к главному меню