30042019_1 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
1-мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» мерекесіне арналып  өткізілген  іс - шара туралы мәлімет. 30.04.2019ж.
Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының , «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Отаным – тағдырым» негізгі жобасы аясында      30 сәуір күні «Достық» мәдени-танымдық орталығының оқу залында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның ұйымдастыруымен "Қазақстан – біролік пен татулықтың мекені" тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Мерекелік іс – шара «Достық» мәдени – танымдық  орталығының оқу залында өтті. Оқу залында «Ұлт бірлігі, ұлы байлық» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды,  зал дәйек сөздер мен шарлармен безендірілді.
Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Ал, 1995 жылдан бастап  «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» болып есептеледі. Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Кешке Сапар Ерғалиев атындағы  орта мектептің 6 сынып оқушылары мен мектептің әлеуметтік педагогі Карбозова Гүлшат Қалтайқызы  қатысты.
Балаларға мереке тарихы таныстырылып, Қазақстандағы ұлт өкілдерінің татулығы мен бірлігі туралы сөз қозғалды. Балалар екі топқа бөлініп «Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан!» тақырыбына постер қорғады. Бірлік, татулық туралы тақпақтар оқыды.
Кітапханашы «Бір ел, бір тағдыр» көрмесіне шолу жасап, елімізде және ауданымызда соңғы уақытта болып жатқан жаңалықтармен таныстырды.
Қатысқандар саны: 19 оқушы, 1 мұғалім.
Өткізілген іс-шара туралы мәліметтер мен суреттерді  «Одноклассники» сайтындағы парақшадан таба аласыздар.



Назад к содержимому | Назад к главному меню