Ұлттық валютамыздың 25 жылдық мерейтойы

2018 жылдың 15 қараша күні – Ұлттық валютамыз – теңгенің мерейтойы. Осы тарихи оқиғаға орай Б. Майлин атындағы орта мектептің  2 сынып оқушыларына тарихи-экономикалық сабақ өтті. Ұйымдастырып өткізген Таран аудандық орталық кітапханасының «Достық» мәдени-танымдық орталығының кітапханашысы Е. Кондрашина.  Оқушыларға ұлттық валютаның шығу тарихы, қай жерден шығарылатыны туралы ақпарат берілді.

Тақырыпты қорытындылау мақсатында викториналық ойындар ойналды.  Қатысқан оқушылар саны – 21.

Пікір үстеу

Skip to content