Ленинград қаласының  қоршаудан босатылған күніне 75 жыл

     27 қаңтар күні Ресей Одағында Ленинград қаласының қоршаудан босатылған күні деп есептеледі. Осы тарихи оқиғаға орай, 28 қаңтарда Таран аудандық  ардагерлер кеңесінде жиналған қауым  ауыл тұрғыны  Галина Федоровна Котляроваға Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің құттықтау хатын табыстады.       Аудандық кітапхананың библиографы  жиналғандарды аудандық газет беттерінде Котлярова туралы жарық көрген мақалалармен таныстырды,  Қоршаудағы Ленинград туралы кітаптарға шолу жасады. Сондай-ақ, белгілі қазақтың ақыны Жамбыл Жабаевтың сол кезде ұран болған «Ленинградтық – өренім» атты шығармасынан үзінді оқып, шығу тарихымен таныстырды.

Пікір үстеу

Skip to content