Тағдырыма ризамын..!

Таран аудандық орталық кітапханасының ұжымы Алғыс күні қарсаңында өздерінің арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.  1 наурыз –  Алғыс күні  Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа тұс келіп тұр. Әріптестер өздерінің  тағдырлары туралы, ұлттық салт-дәстүрлері туралы сөз етті. Ең бастысы Елбасының көріпкел саясатының арқасында бейбіт елде еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеп отырғандары үшін риза екендіктерін білдірді. Іс-шара барысында өлеңдер оқылды, әндер айтылды, әр ұлттың тағамдарының жасалу тәсілдерімен бөлісті.   «Әр ұлттың өкілдері қызмет атқарып отырған біздің ұйымшыл ұжымымызды біріктіретін керемет мереке», – деп арнайы атап өтті мекеме басшысы Г. Асанова. Осындай  іс-шаралар, шынымен де  әріптестерді біріктіреді, жүректеріне жылы сенім  ұялатады. Отырыс  Б. Окуджаваның «Как здорово, что все мы здесь сегодня собрались!» деген әнін  бірге орындаумен аяқталды.

Пікір үстеу

Skip to content