Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Совет Одағының батыры,  Қазақстанның халық қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетовтың атқарған Міндеті, Абыройы, Ерлігі, Даңқы.

  8 мамыр күні Таран аудандық кітапханасының оқу залында  Ұлы Жеңіс күніне арналған  «Тәуелсіз Қазақстанның  тұңғыш қорғаныс министрі, Совет Одағының батыры,  Қазақстанның  халық қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетовтың атқарған Міндеті, Абыройы, Ерлігі, Даңқы» атты ауызша журнал өтті. Іс-шара  кітапхананың серіктестері – аудандық қорғаныс бөлімінің қызметкерлерінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылды. Бірінші бөлімі журналдың Сағадат Қожахметұлының балалық шағына арналса, екінші бөлігі  еңбек жолына арналды. Үшінші бетінде журналдың Батырдың жігерлігі, Отансүйгіштігі, ерліктері туралы айтылды. Іс-шара қалың оқырманға арналып өткізілді.    Халық қаһарманы – Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі өскелең ұрпаққа үлкен өнеге.

Skip to content