С.Ерғалиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларымен өткізілген іс-шара туралы ақпарат.

10 желтоқсан күні С.Ерғалиев орта мектебінің қабырғасында балалар абонементі кітапханашысы Г.В.Ералиеваның ұйымдастыруымен С.Ерғалиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушыларымен бірге қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80-жыл толуына орай «Поэзия падишасы – Фариза»тақырыбында әдеби іс – шара өткізілді.

 Іс – шара “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Тәрбие және білім”, “Кітап – білім бұлағы” кіші бағдарламасы аясында өткізілді.

Мақсаты: Қазақстанның Халық  жазушысы Ф. Оңғарсынованың  шығармашылығымен таныстыру. Поэзияға , Отанға, тілге, мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақ барысында балаларға ақынның өмір жолы, отбасы, шығармашылығы туралы презентация, бейнебаяндар көрсетілді. Балалар ақын өлеңдері мен ақынға арналған қазақтың ақын-жазушыларының өлеңдерін оқыды. Фариза шығармашылығы туралы балалар өз ойларымен бөлісті.

 Қатысқандар саны: 15 оқушы, 1 мұғалім.

 Өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды Балалар абонементінің «Одноклассники» (dostik2009) және «Инстаграмм» (kptdostik2009) желілеріндегі жеке парақшаларынан көре аласыздар.

Пікір үстеу

Skip to content