Жүректен шыққан Алғыстар!

26 ақпан күні  Тобыл ауылдық кітапханасында 1 Наурыз – Алғыс күніне орай «Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, бақ қонған – қазақ еліне мың Алғыс!» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді насихаттау, азаматтарда толеранттылық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімдерін ояту, сонымен қатар – Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту. Іс-шара барысында кітапханашылар Абылқалыкова Алмагүл Балғабайқызы мен Ізтілеу Жаңагүл Аманжолқызы қонақтарға Алғыс айту күнінің дәстүрі мен тарихын айтты. Олар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің белгіленген Жарлығы туралы әңгімеледі. Іс-шарада Тобыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Жаворонков сөз алып «… тәуелсіз даму жолына түскен мемлекетіміздің өмірінде Қазақстан ең көп ұлтты мемлекет. Бұл мереке, Алғыс айту күні, біздің көпұлтты, бейбітшілікті сүйетін Республикамызды мекендейтін халқымызды біріктіреді.» деді. Сонымен қатар шақырылған қонақтар алғыс сөздерін білдірді: зейнеткер оқырман, терапевт дәрігер Дүйсекенов Жайылған Балденұлы, мемлекеттік қызметкер Деткова Елена Александровна, зейнеткер Ковальчук Наталья Яковлевна, жерлесіміз, ақын Ізтілеу Мамай Тұрысбекұлы «Арнау» құттықтау әнін домбырамен орындады. Қорытындылай келе, кітапханашылар іс-шара қонақтарын Алғыс айту күніне арналған «Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем, бақ қонған – қазақ еліне мың Алғыс!» атты мерекелік кітап көрмесімен таныстырды. Іс-шара материалдары әлеуметтік парақтарда көпшілікке қол жетімді.

Пікір үстеу

Skip to content