Ұмытуға болмайды…

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып есептеледі. Былайша айтқанда қаралы күн деп айтуға болады. Қазақ халқының тарихына жүгінсек қаншама адам аштықтың, саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болды. Осы оқиғаға орай аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Қасіретті жылдардың жаңғырығы» атты реквием кеші өтті. Іс-шара минуттік еске алудан бастау алды.         Кітапхана қызметкері Н.О. Корякина қатысушыларды 1958 жылға дейін есімдері аталмаған белді қазақ жазушыларының тағдырымен, туындыларымен таныстырды. Олар Бейімбет майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин. Кітапхана қорындағы «Үш арыс» басылымымен таныстырды.      Қонақ ретінде Дмитриенко В.А. біздің аудандағы репрессияға ұшырағандардың бірі. Қиын тағдыры туралы жастарға өмірінің қиын кезеңі туралы айтып көзіне жас алды. Қуантарлығы аға буынмен жастардың қатысуы іс-шараға. Өскелең ұрпаққа тарихты жеткізу біздің міндетіміз!

Пікір үстеу

Skip to content