Еңбек адамына құрмет!

Құрметті оқырмандар, Бейімбет Майлин ауданының  Әйет ауылындағы орталық аудандық кітапханасының оқу залында «Еңбек адамы – елдің мақтанышы» атты кітап көрмесі дайындалған. Көрме, жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне арналған. 2013 жылдың қарашасында Республиканың Тұңғыш Президентінің Жарлығымен бекітілген бұл ерекше күн еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға, жұмысшы мамандықтарын құрметтеу дәстүрлерін жаңғыртуға және жастық шақтан еңбектің маңыздылығын дәлелдеуге арналған. Жабдықталған  көрмеде ауданның ғана емес, облысымызға өз еңбектерімен әйгілі тұлғалар туралы әдебиеттер орын алған.  «Қостанай облысының танымал тұлғалары», И.Дьячковтың «Біздің жұлдызды және жұлдызсыз батырлар», В.Сидорованың «Үлкен нан», «Астық мен металл еліндегі керемет адамдардың өмірі» кітаптары ерекше қызығушылыққа ие. «Таран шапағы. Тарановские зори », жергілікті ақындардың қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген екі томдық басылымы, аудандық «Әйет шамшырағы »газеті беттерінен Еңбек адамының рөлі қай кезде де маңызды екенін байқауға болады. Құрметті оқырман қауым, сіздерді көрмемен танысуға шақырамыз.

Пікір үстеу

Skip to content