KPC_Dostik_1 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
Тақырыбы: «ЭКСПО – 2017 Заманауи Қазақстанның жетістіктері»
Іс – шараға  №1 орта мектептің «Айгөлек» денсаулық – жақсарту алаңының  оқушылары қатысты.
Іс – шара   14.06.2017 ж. «Достық» мәдени – танымдық  орталығының оқу залында өтті.
Мақсаты: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін EXPO көрмесі туралы білімдерін тереңдету.Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік қасиеттерін дамыту.Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Оқу залы шарлармен безендіріліп, «Біз ЭКСПО көрмесімен мақтанамыз!» атты көрме ұйымдастырылды. Кешке №1 орта мектептің «Айгөлек» денсаулық жақсарту алаңы тәрбиеленушілері қатысты. Кештің барысында балаларға ЭКСПО тарихы туралы айтылып,  қызықты деректер оқылды.  Презентация көрсетіліп, балалар ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатынан видео материал тамашалады.
Одан әрі «Бірге және жылдам», «Айна» ойындары ойналып, флешмоб биледі. Балаларға сыйға тәттілер таратылды. Балалар жақсы көңіл-күймен тарасты. Кеш өте көңілді өтті.
Назад к содержимому | Назад к главному меню