KPC_Dostik_3 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
«Көп ұлттың ортақ үйі – Қазақстан!» мерекелік іс-шара
1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аясында өткізілген  іс – шара 28.04.2017 ж. «Достық» мәдени – танымдық  орталығының оқу залында өтті.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігі туралы түсінік беру. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі  құралдар: Мерекелік безендіру, шарлар, «Қазақстан достықтың мекені» атты көрме мен «1 мамыр мерекесі» атты мерекелік-танымдық сөздерден жасалған гүл.
Кештің барысы:  Кешке №1 орта мектептің 2 және 3 сынып оқушылары қатысты. Кештің барысында балаларға «Достық биі», «Бірлік күні мерекесі» атты видеолар мен презентациялар көрсетілді. 1-мамыр мерекесінің шығу тарихы туралы айтылып, Қазақстанда қай уақыттан бері тойланып келе жатқаны, 130 дан астам ұлт өкілінің ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдері туралы түсіндірілді.
Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайтындығы, сондай-ақ  олардың қазақ халқын қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайтындығы, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейтіндігі туралы айтып өтілді.
Одан әрі балалармен ойындар ойналып, викториналық сұрақтар қойылды. Жұмбақтар шешіп, «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері» атты энциклопедияға шолу жасалды. Балалар достарына, ата-аналарына, бүкіл қазақ елінде жасап жатқан түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі тілектерін жеткізді.  Кеш өте көңілді өтті.
Балалардың тілектеріне  қосыла отырып мен де сіздердің баршаңызды                             1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Назад к содержимому | Назад к главному меню