KPC_Dostik_4 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
Өткізілген іс – шара туралы ақпарат.
 
 
«Кітаптың шығу тарихы», «Қазіргі заман: кітап және компьютер»
 
                 
 
Кітап апталығы аясында өткен іс – шара 29.03.2017 ж. «Достық» мәдени – танымдық  орталығының оқу залында өтті.
 
 
Мақсаты: Балаларға кітап апталығының тарихын түсіндіру. Кітаптың жасалу тарихы, оның түрлері, кітапханалар туралы түсінік беру. Балалардың кітап туралы ой – өрісін кеңейту.
 

Көрнекі  құралдар: «Бүкіл әлем балалар әдебиетінде» атты көрме мен «Менің сүйікті кейіпкерлерім» көрмесі ұйымдастырылды.
 
 
Кештің барысы:  Кешке №1 орта мектептің оқушылары қатысты.
 
Кештің барысында балаларға «Кітаптың шығу тарихы», «Қазақстандағы кітапханалар» туралы слайдтар мен презентациялар көрсетілді. Кітап қайда жасалады, оған кімдер қатысады, баспадан шыққан кітаптар қайда әкелінетіні туралы түсініктер берілді. Балалармен «Кім шапшаң, кім тез?» ойыны ойналды. Онда балалар жаңылтпаштарды бір минут ішінде қанша рет қайталай алатыны есептелді. Одан әрі әр түрлі тақырыптағы жұмбақтар жасырылды және логикалық жұмбақтар шешілді. Балалар көрмемен танысып, ондағы қойылған кітаптар туралы өз ойларын білдірді. Балаларға жетондар таратылды. Кеш өте көңілді өтті.

«Қазіргі заман: кітап және компьютер» тақырыбы талқыланды. Онда кітап оқудың пайдасы туралы сөз қозғалды. Компьютерде көп отырудың зияны, оның қандай ағзаларға зиян келтіретіні туралы түсіндірілді.
Кеш соңы қорытындыланып, балалардың алған жетондары саналды.
31 наурыз күні оқу залында «Құстар әлемі» көрмесі ұйымдастырылды. Көрме 1-сәуір – «Бүкіләлемдік құстар күніне» арналды. Онда құстар туралы мәліметтер жазылып, кітаптар қойылды. Түрлі құстардың суреттерімен толықтырылды.
Кітап апталығы аясында өткен іс – шаралар қорытындыланып, белсене қатысқан оқушыларға 1,2,3 орындар берілді және қалған оқушылар белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Іс – шаралар төмендегідей қорытындыланды:
1-орын: Сейдуллаева Сымбат (5 сынып)
2-орын: Наби Гүлайым (5 сынып), Қуаныш Нұрислам (2 сынып)    
3-орын: Ноянова Айзере (2 сынып)
Іс – шараларға белсене қатысқаны үшін:
Серікқызы Мәдина (4 сынып)                                                                                    
Сейдуллаев Жанболат (2 сынып)                                                                              
Билисбаева Адия (2 сынып) марапатталды.
Марапаттау рәсімі №1 орта мектептептің «Тәлім сәтінді» өтті. Балаларға мақтау қағаздарымен бірге бағалы сыйлықтар табысталды.

Назад к содержимому | Назад к главному меню