KPC_Dostik_6 - WEBSITE X5 UNREGISTERED VERSION 14.0.2.1 - ГУ «Тарановская централизованная библиотечная система»

Перейти к контенту
Библиотечные новости > КПЦ "ДОСТЫК"
Мерекелік іс – шара 16.03.2017 ж. «Достық» мәдени – танымдық орталығының оқу залында өтті.        

Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, сахналау өнеріне баулу, ұлттық киімдер, салт – дәстүрлер мен ұлттық тағамдар туралы түсінік беру, Наурыз тарихымен таныстыру, балаларды ұлттық салт – дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
 
Көрнекі  құралдар: «Қош келдің, Әз Наурыз» атты көрме мен «Ұлттық нақыштағы өнер туындылары» көрмесі ұйымдастырылды,  дәйек сөздер мен шарлармен безендірілді.
 
Кештің барысы:  Кешке №1 орта мектептің 6 – сынып оқушылары қатысты.
 
Мерекелік шара музыка сүйемелдеуімен «Шашу» дәстүрімен басталды. Наурыз тарихы түсіндіріліп, ұлттық тағамдар, Наурыз көже оның жасалу тарихы туралы айтып өтілді. Балалар ән айтып, қыз балалар «Қамажай» биін билесе, ер балалар «Қара жорға» биін нақышына келтіріп орындады. Ұлттық дәстүр бойынша сұрақтар беріліп, мақал – мәтелдер жарысы өткізілді. Ұлттық ойындар бойынша қыз балалар «Бес тас» ойынын, ер балалар «Асық» ойынын сахналады. Кеш соңында мерекелік дастархан жайылып, балалар дәмнен ауыз тиді.

Назад к содержимому | Назад к главному меню