Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу

14.03. «Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламалары шеңберінде Таран аудандық орталық кітапханасының библиографы  ауданымыздағы Б. Майлин атындағы орта мектептің 9 «а» сынып оқушыларымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының және  Л. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларының сайттарымен виртуалды танысу сабағын өткізді. Оқушылар кітапханалардың виртуалды ақпараттық қызмет көрсету түрлерімен танысты. Өздері электрондық каталог арқылы тапсырыс жасап, жауап алысты. Ұлттық академиялық кітапханасының залдарына  сырттай саяхат жасады.

Пікір үстеу

Skip to content