«Жазды қарсы алайық»

«1-маусым Балаларды қорғау күні» қарсаңында  «Достық» мәдени-танымдық орталығы кітапханашылары аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Балалықтың сиқырлы жағалауы. Волшебный берег детства» атты ойын бағдарламасын ұйымдастырды.

 Мақсаты: Балаларды кітап оқуға баулу, викториналық сұрақтар арқылы шығарма кейіпкерлерін еске түсіру, ойындар арқылы әдеби сауаттылығын дамыту.

Іс – шара Балаларды мерекемен құттықтаудан басталды. Балаларға жаңа кітаптар көрмесі таныстырылып, «Даналық әліппесі» интерактивті кітабы көрсетілді. Сөйлейтін қалам арқылы халық әндері, ертегілері мен аңыздары тыңдалды.          

Бағдарлама барысында Астана қаласының 20-жылдығы, Латын әліппесі туралы түсініктер берілді. Балалар Астана туралы кітаптар көрмесімен танысып,  сонымен бірге жаңа латын әліпбиін қолдана отырып, балалар өз аты-жөндерін жазып үйренді.           

Интерактивті тақтадан электронды ребустар шешіп, «Қай заттың орны ауысты» атты ойын ойнатылды. Бағдарлама соңында балалар сүйікті мультфилм кейіпкерлерінің суреттерін бояды. Қатысқан оқушылар саны: 14 бала

Пікір үстеу

Skip to content