«Балаларға Астана туралы…»

Биылғы жылдың елеулі оқиғаларының бірі – Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы.     Осы мереке қарсаңында «Достық» мәдени-танымдық орталығында 14 маусым күні Б. Майлин атындағы орта мектептің жазғы лагерь балаларына арналған «Мақтанышым, арманым – Астана!» атты тарихи-танымдық сағат өтті. Іс-шараның басты мақсаты: өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылар Астана қаласы туралы көптеген ақпарат алды, өлеңдер оқыды, сөздіктерді қолдана отырып, көптеген жаңа сөздермен танысты.      Кітапханашы Е. Кондрашина балаларды қала тарихымен, керемет ғимараттарымен таныстырды.       Танымдық іс-шараның соңында «Бір ел – бір тағдыр. Одна страна – одна судьба» атты кітап көрмесінің Астанаға арналған бөлімімен танысты. 1991 жылдан осы кезеңге дейінгі суреттерді  балалар экран арқылы тамашалады. Барлығы 25 бала қатысты.

Пікір үстеу

Skip to content