Астананың 20 жылдығына арналады…

  4 маусым күні Таран аудандық орталық кітапханасының оқу залында «Отаным – тағдырым» жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында қалың оқырманға арнап Таран аудандық кітапхана қызметкерлері Б. Майлин атындағы музей қызметкерлерімен бірігіп «Астананың жаңа келбеті » атты ақпараттық сағатын өткізді.      Іс-шараның басты мақсаты – Астананың өткені, қазіргі кезеңі және болашығы туралы ақпарат бере отыра, Отанға деген құрметті қалыптастыру.

      Кітапханашы Корякина Н.О. Қазақ хандығы дәуірінен бастап осы заманға дейінгі астана туралы бейне роликпен таныстырып, оқу залында кеңінен орын алған «Елімнің жүрегі – Астана» атты кітап көрмесіне щолу жасады.

         Музей қызметкерлері қатысушыларға викторина өткізді. Оқырмандар ақпараттық сағаттан көптеген мағлұматтар алып, көңілді мерекелік көңілмен тарқасты.

Пікір үстеу

Skip to content