Ауданның күнтізбесіне көз салсақ

17 қаңтар күні Таран аудандық орталық кітапханасының оқу залында «2019 жылдың  аудан бойынша елеулі оқиғалары»  күнтізбесінің тұсаукесері өтті.          Кітапхананың белсенді оқырмандары, серіктестері арнайы шақырылып, мерейлі  даталармен танысты.         Іс-шара барысында библиограф С. Король екі жылдан бері жіберілген «Өткенді сақтап – болашақты құрамыз» атты кітапханалық-библиографиялық өлкетану  жобасы аясында  2018 жылы жарық көрген басылымдарға шолу жасады.          Қатысушылар тарапынан  зейнеттегі ұстаздар Л. Пастушенко, М. Лоовалар өз алғыстарын білдіріп жатты.  Осы ауданның тумалары, ауданның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың жылы лебіздері, біз үшін өте маңызды.

Пікір үстеу

Skip to content