Бір ел – бір кітап

2019 жылы «Бір ел – бір кітап = Одна страна – одна книга» акциясы бойынша Әбіш Кекілбаевтың (1939 -2015)   «Аңыздың ақыры» романы және Әбділдә Тәжібаевтың (1909-1998) лирикасы таңдап алынды.        Әбіш Кекілбаевтың еңбегін қалың оқырманға насихаттау мақсатымен 21 ақпан күні Таран аудандық орталық кітапханасының оқу залында «Әбіш Кекілбаев – аңыз өмір» атты әдеби кеш өтті. Жазушының қаламынан отыздан астам еңбек шыққан, белгілі шетел классиктерінің туындыларын қазақ тіліне аударған. Сонымен қатар мемлекеттің нығайуына үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері. Іс-шараға қатысқан оқырмандарға ескерткіш ретінде кітапханашылар дайындаған бетбелгілер сыйға таратылды. Мекеме басшысы Г. Асанова акцияның өскелең ұрпаққа  тәрбие беруде үлкен маңыз бар екендігін сөз ете кетті. Оқырмандар слайдтар арқылы жазушының суреттерін тамашалады, бейне ролик көріп, соңынан алғыстарын білдіріп таралды.

Пікір үстеу

Skip to content