«Ұрпақтар жалғасы» атты экологиялық акция

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында, патриоттық сезіммен, шағын Отанымызға деген сүйіспеншілікпен, Бейімбет Майлин ауданының аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Ұрпақтар жалғасы» атты экологиялық акциясын өткізді. Акция шеңберінде кітапхананың маңайымен бірге Әйет ауылының орталық алаңында орналасқан Ұлы есімдердің ескерткіштері тазартылды, жөнге келтірілді, қоқыстары шығарылды. Қоршаған ортаны тазарта отыра, адамның ойы және істері тазарады. Осындай қоғамдық жұмыстар сондай-ақ ұжымды біріктіреді, бұндай іс-шараға лауазымына, қызметіне қарамай бәрі бір адамдай ат салысу керек. Жақсы істерді көрсете отыра, біз ауыл жастарына үлгі береміз. Биылғы жыл Еріктілер жылы болып есептеледі. Алдағы уақытта жастармызды көрсек дейміз қоғамдық жұмыстарда. Ауыл тұрғындарын, шетте қалмай, ауылымызды тазалау жұмыстарына шақырамыз!

Пікір үстеу

Skip to content