Мерейтоймен құттықтауға асығамыз!

Адамның жасы – өмір бойы жинаған басты құндылық! Халықаралық Қарттар күні мерекесі – өмірдің барлық белестерінен өткен адамдардың мерекесі. Осы күні еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге барлық жылы сөздер, қамқорлық көрсетеміз. Басқа күндері де көрсетіп келеміз, бірақ бұл күндері ол кісілерге ерекше көңіл бөлінеді. Кітапханада зейнеткерлерден құрылған «Встреча» клубы көптеген жылдардан қызмет етіп келеді. Ай сайын клубтың отырысы өтіп тұратын, еліміздегі карантиндік шараларға байланысты кітапхана қабырғасында кездесе алмағанмен, байланысымыз үзілмейді. Осы орайда кітапханамыздың белсенді оқырмандары, клуб мүшелері, мерейгерлер Н.А. Жирнованы және А.З. Бияноваларды мекеме басшысы Г.Ж. Асанова арнайы шақырып, келе жатқан Ұстаздар күні, Қарттар күні мерекелерімен құттықтай Алғыс хат және естелік сыйлықтар табыстады.

Пікір үстеу

Skip to content