Мерекелік апта үздік қызметкерлерді марапаттаумен аяқталды.

23 қазан – мерейтойлық апталықтың соңғы күні кітапхана жүйесінің басшысы Г. Асанова үздік кітапхана қызметкерлерін адал еңбектері үшін, Бейімбет Майлин ауданының  кітапхана  ісінің дамуына қосқан үлестері үшін Алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапаттады: Ищенко Н.Н., кітапхана әдіскері, Король С.Н., библиограф, кітапханашылар Кухтина Л.Ю., Борисова А.Т., Рекрут С.В., Корякина Н.О., Ералиева Г.В., Жетпісова В.М., Вакуленко Г.С., Май ауылдық кітапханасының кітапханашысы, Бурбаева М.В., мекеменің бас бухгалтері, Бимурзина З.И., вахтер.

Елімізде болып жатырған індетке қарсы санитарлық шараларды орындау мақсатында ауылдық кітапханашылар сырттай марапатталып, Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар мекенжайлары бойынша табысталады. Алғыс хат және естелік сыйлық Валерьянов а/к кітапханашысы Г. Ж. Хасеноваға, Красносельск а/к кітапханашысы С.Е. Қожбановаға, Береговой а/к кітапханашысы Г.С. Устичке, Тобыл балалар кітапханасының кітапханашылары Б.Қ. Есмағамбетоваға және Ә.Қ. Бірмағанбетоваға, Тобыл а/к кітапханашылары Ж.А. Ізтілеуге және А.Б. Әбілқалыковаға, Новоильин а/к кітапханашысы Н.Ж. Байбусиноваға, Мұхит А., АОК кітапханашысы, кітапхана жүйесінің программисті И.В. Перетрухинге табысталады.

Пікір үстеу

Skip to content