Бақытты балалалық шақ! Ауданда аудандық балалар кітапханасы ашылды.

  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында Бейімбет Майлин ауданында салтанатты түрде Аудандық балалар кітапханасының ашылуы салтанатты түрде өтті.     Осы күннен бастап аудан орталығының балалары жаңартылған кітапхана қабырғасында жаңа кітапханалық және ақпараттық қызметтерді пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Іс – шараның қонақтары – аудандық мәслихат хатшысы С.Сапабеков, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Н.Теплякова жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Кітапхананың белсенді оқырманы, отбасылық оқуды дәріптеуші М. Шонгаловта өз құттықтау сөзін арнап, жылы лебізін білдірді. Жаңа кітапхананың есігін ашып, алғашқы қадам басу құрметі аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сапабековке және бұрынғы балалар абонементінің белсенді оқырманы  София Борисоваға берілді. Іс-шара барысында балалар өлең оқып, ән айтты, мың бұралып би биледі.

 Барлық қонақ балаларға тәтті сусын мен кәмпиттер таратылды.

Пікір үстеу

Skip to content