Тәуелсіздікке арналған кездесу…   

2021 жылдың 10 маусымында «Тәуелсіздік тарландары» жобасы аясында аудандық орталық кітапханасының оқу залында Бейімбет Майлин аудандық ішкі істер полициясы қызметкерлері және аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлерімен бірігіп ауданның белгілі тұлғаларымен кездесу өткізілді. Қонақтар ретінде Р. Овчарова, В. Дмитриенколар шақырылды. Тәуелсіздік алған жылдардағы еңбек жолдары туралы жастарға әңгімеледі.         Іс-шараның барысында кітапханашы Н. Корякина 2021 жылдың елеулі даталарына тоқталып шолу жүргізді: : «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына  – 30 кітап», «Жетістіктің отыз жылы» , «Тұған өлкем – мақташым!», (Қостанай облысының 85 жылдығына ), «Шағын отаныма – үлкен сүйіспеншілік!» (Бейімбет Майлин ауданының 85 жылдығына), «Дала қонырауы»  (Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына). Кездесу соңында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері шақырылған қонақтарға сый-сияпат көрсетіп, зор денсаулық, еліміздің көркеюіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Пікір үстеу

Skip to content