«Абай күні» құтты болсын!

Қазақстанда 10 – тамыз “Абай күні” болып жарияланды. Бұл – Абайды ұлықтайтын бүкіл Алаш үшін ерекше мереке. Себебі, Абай – дара, Абай – дана қазақта. Әр жыл сайын мерекелеуге лайықты осынау күн рухани байып, мәдени құндылығымызды көтеріп, адамшылық пен ізгілікке жетелейтіні анық. Осы орайда Бейімбет Майлин ауданының аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» деген атаумен ересек оқырмандар арасында онлайн түрінде аудандық мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты – қалың оқырманға Ұлы ақынның рухани құндылықтарын насихаттау, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.  Аудан бойынша 20 қатысушы мәнерлеп Абай атамыздың шығармаларын ұсынды. Сайысқа қатысушылардың жұмыстарымен толық танысуға төмендегі әлеуметтік желі парақшаларынан болады.

Пікір үстеу

Skip to content