Шабыт берер туған жерім!

Жыл сайын 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында аудандық орталық кітапхананың оқу залында “Ауылым – алтын бесігім!» атты өлкетану басылымының құрастырушысы, әуесқой ақын, өлеңдері «Таран шапағы» атты 2 томдық жинаққа енген шығармашыл тұлға Зыбалева Айман Астанқызымен кездесу өтті.

Іс-шараның қонақтары ретінде кітапхананың белсенді оқырмандары, әріптестер, сондай-ақ Киров мектебінің оқушылары болды.

Іс-шара барысында Айман Астанқызы қатысушыларға  өлкетану басылымының шығу тарихы туралы, кітап пен кітапхананың адам өміріндегі маңызды рөлі, өзінің оқырмандық қалауы туралы айтып берді.

Балалар автордың әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Кітапхананың белсенді оқырмандары Н.К. Нұртазина мен А.З. Биянова гүл сыйлады, кітапханадан естелік ретінде кітап сыйға тартылды.

Айман Астанқызына және іс-шараны ұйымдастырушыларға Киров мектебінің педагогы С. М. Козлова алғыс білдірді.

Іс-шара соңында автордың сүйікті өлеңі оқылды. Кездесу жылы түрде өтті. Балалар Айман Астанқызын құшақтап, өз сезімдері мен эмоцияларын білдірді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар жемісті кездесу үшін алғыс айтып, шығармашылық табыс, жаңа туындылар тіледі!

Пікір үстеу

Skip to content