«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығы – аудан кітапханалары жұмысының нәтижесі.

2022 жылдың 18 мамырында ауылдық кітапханашыларға арналған орталық аудандық кітапхананың оқу залында «КІТАПХАНА – ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ЖАҢАРУ ОРТАЛЫҒЫ» атты аудандық семинары өтті.

  Семинарды кітапхана жүйесінің басшысы  Г.Ж.Асанова ашып, жүйедегі  кітапханалардың 2021 жылы атқарған  жұмыстарын  қорытындылады, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының облыстық алқасында көтерілген мәселелерді қарастырып, алға қойылған міндеттерді белгіледі. Гауһар Жақсылыққызы алдағы уақытта еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өтетініне  тоқталып, кітапханашыларды осы науқанға белсенді атсалысуға шақырды.

 Әдіскер Ищенко Н.Н. «Бағдарламаның 5 жылдығы: іске асыру кезеңдері» атты аналитикалық шолу жүргізді. ОКЖ кітапханашылары жүргізген ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық және тәжірибелік жұмыстар туралы баяндады. Красносельск ауылдық  кітапханасының кітапханашысы Қожбанова С.Е. бағдарламаның арнайы жобаларын жүзеге асыру туралы айтып, кітапхана қызметіндегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

        Жетпісова В.М. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудандық балалар кітапханасының қызметімен таныстырды. Барлық баяндамалар презентациялармен сүйемелденді.

Сондай-ақ семинарда аудандық орталық кітапхананың библиографы, ауданымыздағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы С.Н.Король сөз сөйлеп, этносаралық қарым-қатынас мәселесі бойынша өткізген іс-шаралар тәжірибесімен бөлісіп, көпұлтты Қазақстанды мекендейтін барлық халықтарға бейбіт өмір тіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыс жүйедегі барлық кітапханаларда өз жалғасын табады деген сенімдеміз!!! 

Пікір үстеу

Skip to content