Домбыра күні – ұлттық мереке

        Көне заманнан келе жатқан ұлттық аспап – домбыра арқылы ата-бабаларымыз қуанышын, қайғысын аспаптың үні арқылы жеткізе білген. Сондай-ақ, жиын- тойлар домбырасыз өтпеген.

          Елімізде шілде айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін Домбыра күні қарсаңында аудан кітапханаларында кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер жабдықталған. Қалың оқырман қауымы домбыраның шығу тарихымен, белгілі домбырашылар және композитор-күйшілер туралы ақпаратпен таныса алады. Осы күндері кітапханаларда «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты дискілі кітаптан алынған күйлер орындалып тұрды.

      Аудан тұрғындарына орталық кітапхананың оқу залында «Домбыра – қазақ халқының музыкалық мәдениетінің шыңы» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылған.

Тобыл ауылдық кітапханасында «Домбыра -ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

https://ok.ru/profile/579604285446/statuses/154259754256390

Елизаветинка ауылдық кітапханасы  «Домбыра – қазағымың қазынасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

https://www.instagram.com/p/CfauIFbNaly/?igshid=YmMyMTA2M2Y

Тобыл балалар кітапханасында «Табиғатқа арналған күйлер» атты әдеби-музыкалық мереке өтті.

https://ok.ru/profile/575809648783/statuses/155073237017999

         Тобыл ауылдық кітапханасы «Домбыраның сиқырлы үні» атты сиқырлы сандықша іс-шарасын өткізді. Қонақ ретінде Әулиекөл ауданында өткен айтыста 3 орынға ие болған Тобыл мектебінің 7 сынып оқушысы Қуантай Нұрайлым қатысты. 

https://ok.ru/profile/579604285446/statuses/154262042576902

Асенкритовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л. Шуинова «Сиқырлы домбыра» атты музыкалық сандықша бейне жұмысын дайындады.

Пікір үстеу

Skip to content