Тіл – халықтың әл-ауқаты.

Қазақстан халқының Тілдер күні қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде көпұлтты елімізде атап өтіледі. Халықтар арасындағы бірлік пен келісімді бейнелейтін мереке аясында аудан кітапханашылары түрлі іс-шаралар өткізді: Тобыл ауылдық кітапханасында  «Ұлтымыздың Ұлы Ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өмірі мен шығармашылығы, саяси қуғын-сүргін кезінде болған қиын оқиғалар туралы деректі материалдар қойылды.

https://ok.ru/profile/578928904877/statuses/155451978706349

Тобыл ауылдық кітапханасында  9-11 сынып оқушыларының қатысуымен ” Біз Отанымыздың тілдерін үйренеміз» атты лингво кеші өткізілді. Оқушылар ” Тіл-ұлт қазынасы.” атты викторинаға белсенділік танытты. Соңында кітапханашылар ” Тіл-ұлттар бірлігінің кілті” кітап көрмесіне шолу жасады.

https://ok.ru/profile/578928904877/statuses/155439487544749

Апанов ауылдық кітапханасында “Тіл – халықтың жаны” кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда қазақ тілін үйренушілерге арналған әдебиет  ұсынылған.

https://www.instagram.com/p/CiHzdWBttkl/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Май ауылдық кітапханасында “Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы ” атты тақырыптық сөреде балалар үшін де, ересектер үшін де мемлекеттік тілді өз бетінше үйренуге көмек ретінде материалдар ұсынылған. Сондай-ақ балаларға үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) оқуға арналған түрлі-түсті кітаптар ұсынылған. Жасөспірімдер үшін қазақ тіліндегі әр түрлі халықтардың әдебиеті ұсынылған.

https://ok.ru/profile/575493051855/statuses/155258564825295

Тобыл балалар кітапханасында  “Қазақ тілі  – мемлекеттік тіл” тақырыптық сөресі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, балалармен “Тіл достастығы – халықтар достастығы» деген атаумен білім аукционы өтті.  Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда мекендейтін ұлттардың тілдері мен мәдениеттерінің алуан түрлілігін, Қазақстан халқының бірлігін көрсету.

https://ok.ru/profile/575809648783/statuses/155287009420687

Новоильинов ауылдық округінде оқырмандар үшін ” Мен тұратын елдің тілі “тақырыптық сөресі ұсынылған.

https://www.instagram.com/p/CiIZ7K5ItrO/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Аудандық балалар кітапханасының  кітапханашысы В.М. Жетпісова Тілдер күніне және қазақ ағартушысының 150 жылдық мерейтойына арналған “Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы тәлімгер” атты әдеби портретін дайындады.

https://ok.ru/video/4495219034675

Тобыл балалар кітапханасының кітапханашысы М. Омарова кітапхана оқырмандарына арнап  “Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының мақтанышы” атты бейнежурналын дайындады.

https://ok.ru/video/4390013047220

Тіл-ұлттардың достығымен  мен бірігуіне ықпал етеді, адамдардың өзара қарым-қатынасын байланыстыратын тәрбие мен тірек құралы.

Пікір үстеу

Skip to content