Аудандық «Майлин оқулары» байқауы

         9 қараша күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында ауданымыздың тумасы, қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлиннің туған күніне орай  дәстүрлі “Майлин оқулары” байқауы өтті.

Байқауға 19 жастан  жоғары жастағы аудан тұрғындары қатысты.

        Байқау Қазақстан Республикасында кітапханаларға оқырмандарды тарту және оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында өткізілді.

Іс-шараның  мақсаты мен міндеттері – Б. Майлиннің әдеби мұрасын қалың жұртшылыққа насихаттау, аудан тұрғындарын кітап оқуға шақыру, кітапханаларға жаңа оқырмандарды тарту.

Әр ауылдық округтардан 12 қатысушы болды, жазушының прозалық шығармасынан үзінділер қазақ  және орыс тілдерінде орындалды.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары анықталды:

1 орын  – Избасарова  Жанар Пайзуллаевна,  Елизаветинка ауылы,

2 орын –  Бушман Ляззат Жумасеитқызы, Валерьяновка ауылы,

3 орын – Шманова Мөлдір Ырғызбайқызы, Тобыл кенті.

Барлық қатысушыларға Мадақтама, Алғыс хаттар және де естелік сыйлықтар табысталды.

Пікір үстеу

Skip to content