Алғыс айтудың шегі жоқ.

Көктемнің алғашқы күні қазақстандықтар Алғыс айту  күнін тойлайды. «Мейірімділік пен құрмет күні» деген атаумен 1 наурыз күні орталық аудандық кітапхананың оқу залында «Встреча» клубының отырысы өтті. Жиналған зейнеттегі ардақты жерлестерімізді  аудандық кітапхана жүйесінің басшысы  Г.Ж.Асанова  құттықтап, тұрақтылық, бейбітшілік тіледі.

           Кейін ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Сергеевна Овчарова және кітапханамыздың белсенді оқырманы  Ангелина Захаровна Бияновалар жиналғандарды құттықтап, мерекемен тұспа – тұс келген  туған күн иесі Нина Петровна Маевскаяны 89 жасқа толуымен  құттықтады!

          Клуб отырысы барысында әрбір қатысушы өз тағдырына алғысын білдіретін жылы сөздерін айтты. Әркімнің өз тағдыры бар, бірақ бәріміз бейбітшілікте, ынтымақта, төзімділікте өмір сүріп жатқанымыз қуантады! Сондай-ақ, кітапханашы Корякина Н.О. жиналғандарға мерекенің тарихы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы туралы айтып берді.  Отырыстың сәнін  Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің әншілері  Мейрамбек Кенжебаев пен Марк Забелин керемет әндерімен келтіре білді.

          Әр шаңырақта береке-бірлік, жылы ошақ, бақыт, қуаныш, жүрек жылуы мен мейірімділік болсын деген тілектермен отырыс өз мәресіне жетті.

Пікір үстеу

Skip to content