БАЛАЛАР, КІТАП және ОҚУ – Ұлы құндылықтар!

21 сәуір күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында  «АУЫЛДЫҚ  КІТАПХАНАЛАРДА БАЛАЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ»  атты аудандық семинары өтті. Семинар барысында кітапхана әдіскері Н.Н. Ищенко «Ауылдық кітапханаларда балаларға қызмет көрсету ерекшеліктері» атты тақырыпта сөз сөйледі. Кітапханашылар тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіті: «Бүлдіршіндердің кітап оқу аймағы» (Новоильновка ауылдық кітапханасының тәжірибесі),Смулянская Г.В., «Тобыл балалар кітапханасының жұмысында кітап пен кітап оқуды насихаттау» Есмағамбетова Б.К., «Балалармен жұмыста ғылыми -танымдық әдебиетті насихаттау» (аудандық балалар кітапханасының жұмыс тәжірибесі) Жетпісова В.М.  

Балалар әдебиетін тіркеу қағидалары туралы кітап қорын тіркеу бойынша кітапханашы Кухтина Л.Ю. жиналғандарды таныстырды.

Семинар соңында кітапхана жүйесінің басшысы Г.Ж. Асанова кітапхана саласының дамуына қосқан зор үлестері үшін төмендегі кітапхана қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады:

– Смулянская Г.В., Новоильиновка а/к кітапханашысы;

– Абылкалыкова А.Б., Тобыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы;

– Бабарыко Н.Н., Апановка а/к кітапханашысы;

– Кожбанова С.Е., Красносельский а/к кітапханашысы;

– Әбілда М.С., Елизаветинка а/к кітапханашысы;

– Есмағамбетова Б.К., Тобыл балалар кітапханасының кітапханашысы;

– Хасенова Г.Ж., Валерьянов а/к кітапханашысы.

Семинар өте биік деңгейде өтті. Әр қатысушы жұмысына керекті ақпарат алды деп ойлаймыз!

Пікір үстеу

Skip to content