Ауылшаруашылық қызметкерлеріне арналған Елбасыныңмаңызды жобалары

  2018 жылдың  9 қарашасында Таран ауданы ауылшаруашылық қызметкерлері күнін атап өтті. Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ақпараттық орталығы болып есептелетін кітапхана қызметкерлері осы саланың барлық еңбеккерлеріне арналған «Тарихтағы жаңа кезеңнің  маңызды жобалары» атты кеңейтілген кітап көрмесін ұйымдастырды.          Қалың жұрттың қызығушылығын Қазақстанның киелі жерлері туралы ақпарат,  Еңбек ері К. Дөненбаева туралы жуырда жарық көрген кітаптар туғызды.        «Ауылшаруашылық  саласындағы 20 жыл» атты кітапхана библиографы әзірлеген анықтамалық жинақтың тұсаукесері өтті.  Бұл жинаққа атаулары  енген шаруашылық  бірлестіктердің  басшыларына үлкен сахнадан  салтанатты түрде табысталды.     Кітап көрмесіне шолуды библиограф  С. Король жүргізді.

Пікір үстеу

Skip to content